Шығыста қар, оңтүстікте найзағай: 18 наурыздағы ауа райы

Батыста, солтүстік пен оңтүстікте күн ашық болады. Республиканың кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Жамбыл облысының кей жерінде, Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-25 метрге жетеді. Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерінде жел екпіні 17-22 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерде тұман түседі, Қарағанды облысында көктайғақ болады.

Кіші Алматы су алабында қар көшкіні қаупі бар.