Бейсенбі — 18 сәуірде ауа райы қандай болады?

18 сәуір күні республиканың көп бөлігінде жауын-шашын болады, батыста, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста күн ашық болады. «Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, өңірлерде тұман түседі, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында екпіні 23-28 м/с-ке жететін жел соғады, көктайғақ болады, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Алматы облыстарында да тұман түсіп, жел күшейеді. Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында 23 м/с жел соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Атырау облысында 18-23 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысында бұрқасын мен 15-20 м/с жел соғады.

Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында 8 градус аязға дейін суық болады.