Бірінші кезеңде Қазақстанның жер-жеріндегі университеттерден келген болашақ журналистер командаларын таныстырды. Кейін қатысушылар берілген тақырыптар бойынша эссе жазды.
Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жоғары ұпайға ие болды.
Бірінші кезеңнен соң С.Торайғыров атындағы университет ұжымы олимпиадаға қатысушыларға арнайы экскурссия ұйымдастырып, Павлодардың көрікті жерлерін көрсетті.
16 сәуірде олимпиаданың екінші кезеңі басталды. Студенттер журналистиканың жанры мен тарихы және телерадио журналистикасы бойынша 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екінші кезеңнің келесі тапсырмасы бойынша сайыскерлер БАҚ өкілдеріне жедел ақпарат таратуы керек. Осы кезеңнен кейін барлық ұпай есептеліп, олимпиада жеңімпаздары анықталады. Сайыс нәтижесі Psu.kz сайтында және ақпарат құралдарында жарияланады.