Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Шетелдік сериалдар мен бағдарламаларға заң жүзінде шектеу қойылады

Депутаттар мәжілістегі жиында алдағы үш жылды қамтитын республикалық бюджетті талқылады. Талқылау барысында, телеөнімдер мәселесі де көтерілді. Депутаттардың айтуынша,  көгілдір экрандарда менталитетімізге әсер ететін туындылар қаптап кеткен. Оларды қадағалау бойынша жұмыстар қажетті деңгейде емес.

Отандық телехикаяларға немесе жасөспірімдерді патриоттық сезімге бөлейтін бағдарламалардың жоқтығы ма, немесе бюджеттен бөлінетін қаражаттың аздығы ма? — Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Расымен де, отандық телехикаяларға қатысты мұндай проблема бар. Қазір министрлік бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр. Жоспардағы заң жобасында шетелдік телеарналардан келетін түрлі өнімге шектеу қою қарастырылған. Ал қаржы жағына келетін болсақ, 2017 жылға арналған бюджетте «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының базасында 81 отандық телехикая мен 17 деректі фильм түсіру қарастырылған,-Жанат Қожахметов, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы

Мақалаға реакция

37 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    бұл мәселе былтыр да айтылды ,қысқартпақ түгілі көбейткен жоқ па,,мен сенбеймін бұндайларға....
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      Индияның сериалдары көзбояушылық сияқты. Мен көрмеймін. Теледидардан көрсетпесе қуанамын
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Шетелдік телехикаяларды болдырмау дұрыс шешім деп оилаимын. Келін сериялының болып жатқанына біраз жылдар болды.менімше ол сериялдың жас ұрпаққа беріп жатқан кереметтей тəрбиесі жоқ.жалықтырыпта жіберді көпшілікті.мен өз басым көрмеимін.
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    шіркін, кімнің ойына сат ете түсті өзімідің қазақ фильмдері сол жіберілген қаражатқа түсірсін.Рахмет
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Биздин Казакстанымызда оз жерин оз елин оз тилин озинин халкын жаксы коретин Жириновски сиякты казак болса куанар едим.
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ол кезде казак кино индустриясы жаксы дамитын еди
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Индия телесериалын ненавижу сказка
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Каляний деген какпас олмиди екен.Осыны ким кореди? Казакстан Улттык Арнасы Будизмди насихаттайды.
  8. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Урааааа жаксы болды гой а то кай каналды коссан унди фильмдери сказка мыжып барин
  9. А
    Айсулу 10 жыл бұрын
    Халқымыздың тәрбиесі бұзылып бара жатыр. Əр түрлі шет елдің бағдарламалары мен киноларын көріп. Болашағымызды балаларымызды ойлайык.
  10. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Құрысын.... Вообще көрсетпеңдерш... Өтірік жаңалықтарды көрген жақсы оданда, Хабар, Қазақстан, 1 канал Евразиядан
  11. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ураааааааа! Жақсы болар еді, солардың сериалынан ақ қартайып біттім ? енді көрмеймін деп айтам да, көріп қойа берем.
  12. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Россиский сериалдарғада тыйым салу керек, орыстың мəдениетін солардың жүріс тұрыс қылықтарын дəріптейтін.
  13. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Орнына дұрыс бағдарламалар көрсетсін әр әнші актерға бір бағдарлама ашыпбермей)
  14. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Тамаша болар еди. Елимиздин кыздарынын куртылуына кобисине себеп болатын сол сериалдар.
  15. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Еліміздің мықты өткен ақындар хандар т.б солар жайлы тарихый филмдер көбейсе екен болашақ ушын тарбіесі зор неге шығармасқа
  16. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Неге осы бүлдіріп алып түзеуге зармыз? Мұсылман дініне жат ағымдарды енгізген кім? Шетелдің сериалдарын таратқан кім? Енді үш, тіпті төрт тілді білім алу дегенді бастап жатқан кім? Кім екені айтпай-ақ айдан анық - олар қазір осы бір-бірімен дауласып жатқан үкімет пен парламент. Шетелдік сериалдар мен бағдарламаларға шектеу қойылады дейді, жарайды құп делік. Ағылшын, орыс, қытай тілдерінсіз қазақтың күні тумайтындай балабақшадан оқытуды енгізіп қойдық-бұл шетел бағдармаларын шектеу емес, керісінше жария ету ғой.
  17. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Өкінішке орай тəрбиелі мəні бар қазақ кинолар жоқтың қасы. Шығарса да орыс тілінде сөйлейді.
  18. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Барлықтарыңыз қуанасыздар. Бірақ зейнеткер апаларымыз, атап өткен уйдегілеріңіз сол сериялдар көріп үйренген ғой, басқа нәрсе оларға онша қызық емес. Менің анам 76 жаста , сол кісі көбінесе көретін сериялдары бар еді ?? өкінішті .
  19. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Дурыс оданда казакша багдарламаларды берсин сол кинонын орнына кпзакша багдарламаларга уакыт жок тунги 3. 4 те берет оны ким кореди жаксы шешим рас болса
  20. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жарнама айналдыру қырғын ақша тұрады. Телевидениеге табыс көзі ғо сериал жарнама дегендер.
  21. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ендігі ретте қандайда бір фильмнің сценарийі ағартушылар тарапынан қадағалануы тиіс деп ойлайм
  22. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Индияның сериалдары көзбояушылық сияқты. Мен көрмеймін. Теледидардан көрсетпесе қуанамын
  23. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Оз басым унди турик сериал кормейди екенмин. Орыс сериал алып тастамаса болар. Калганда шаруам жок......
  24. Б
    Бахыт Мухамбет 10 жыл бұрын
    Дұрыс. осылармен кейбір адамдардың өмірі де, уақыты да текке өтіп жатыр. Орнына сапалы отандық сериалдар қойса спектакль сияқты бірдеме қылмай
  25. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Сериалды уақыты бар адам көреді. Менің сериал көруге уақытым жоқ . Таңдау əркімнің өзінде ғой
  26. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Мен таңдаған қызға үйленесің дегенге алты жасар ұлымның берген жауабы )) анашым тек индияның қызын әпермеші
  27. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Оте дурыс, араб, турик, хинд дастурлерин омиримизге енгизип, оз дастуримизди умыта бастадык
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      Рас, осы кинолардан тәлім-тәрбие алып өскен бала-шаға өзіміздің қазақтың салт-дәстүрін ұмытады
  28. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жумыссыз уйде отыргандар зейнеткерлер сол сериалдармен кунин откизеди. Олар интернетте отырмайды. Сериал коруге колы тимейтиндер кормесин. Оданша баскада уятсыз киноларды коруге болмайтын пайдасы жоктарды алып тастасын жане жаналыктарды кобейтсин. Баска кинолардан караганда унди турик сериалдарында тарбиелик ман бар. Оларда суйис т.б жаман кылыктар корсетпиди. Ал озимиздин казак кино сериалдарда уялмай суйседи.бул казактарда жат кылык
  29. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Түріктерді ,кəрістерді, үнділерді кинолары үшін иттің етінен жек көрем. Түк тəрбиелік мəні жоқ. Тек зинақорлық , бір бірін өлтіру, бір бірімен шайнасудан басқа ештеңе жоқ. Осысы рас болса кім тиым салды?, мың жасасын!!!!!
  30. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Өз қамдарыңды ғана ойлайтындарың не? Үйдегі шешелерің келінді көрмесе ішкен асы бойларына сіңбиді ғой.
  31. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ураааа!кай каналды коссанда индия мен туркия сериалдары, асиресе жумыс кундерин койып енди демалыс кундери де беретин болыпты.шаршатты осылар.ктк да беретин болыпты индияны 31 канал екеуи жарысып жур-ау!тезирек тазартса екен!
  32. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жаксы болыпты гой,наконец то ????Индия,Турция,Корея,Китай сериалдарынын корсетилимин токтату керек.Еш илип алар тарбиеси жок. Канша адамды ауру кылды.
  33. М
    Мадинка 10 жыл бұрын
    Құдайға мыңда бір Шүкір! Осыны баяғыда ойлау керек еді. Келін деген сериал мен 9-шы сыныпта оқып жүргенде боп жатқан,одан бері 5-6жыл өтіп кетті қазір мектепте жұмыс жасап жүрмін, сонда почти 9000-шы серияга келіп калды-ау 10 000-ға жетпесе ?. Осы сериалға өмірлерін арнаған-ау. "Тардай болып түсіп, Таудай болып қартайып" сразу сериалдан кейін пенсияга кетіп солай-солай жалғасып ?. Біздің Қазақша сериал көрсең былай ғой:Барлығы 12 сериал: оны 2 күнге бөліп, подрядынан 6 сериядан беріп жібереді ?. Зато сериал көргендей боласың.
  34. М
    Мадинка 10 жыл бұрын
    "Қазақ ауру асқынғанда барып емдейді"-деген сияқты, мына шет елдердің сериалдарын асқындырып алдық ☝. Еш сериалдарды көрмеппін("келін") 5 жыл тоқтаусыз болып жатқан, осы уақытқа дейін еш ☝. Неге 2017-ші жылы??? Неге осы жылы емес түсінбеймін?. Тезірек жойса екен осы үнді, т.б
  35. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    тұра тұрыңдаршы,,Келін сериясын аяқтап болайық та