12 сәуірде республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына қарағанда өңірлерде тұман түседі, жел күшейеді, найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды облысында 15-20 м/с жел соғады. Атырау облысында тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында да тұман түседі. Түркістан, Қарағанды облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы іргесіндегі Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні қаупі бар. Есіл өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.