Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауға барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сонымен бірге Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр, — деп хабарлады ол.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Ресейдің халықаралық ынтымақтастық және ашық дипломатия жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Орджоникидзені қабылдағаны хабарланған еді.