10 сәуірдегі ауа райы: оңтүстіктен басқа өңірлерде күн ашық

Республиканың қалған аумағында күн ашық болады. Өңірлерде тұман түседі, оңтүстікте жел күшейеді, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкентте 15-20 м/с жел соғады, нөсер, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Түркістан облысы мен Шымкентте толассыз жаңбыр мен бұршақ жауатыны жөнінде, Маңғыстау облысында тұманға байланысты ескерту жарияланды.

Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін.