Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай «Қала күні» аталып өтеді

Аталмыш іс-шара егеменді еліміздің тарихында ерекше орын алған алып шаһар Алматыны қадірлеу, мақтан тұту, 1000 жылдық тарихына үңіліп, болашаққа бастар жолда Тәуелсіздіктің алтын бесігі — Алматыны көркейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мереке үш бөлімнен жүзеге асырылады:

  1. Концерттік бағдарлама Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестірінің орындауымен ашылып, патриоттық негізде, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткерлерінің, эстрада жұлдыздарының, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттарының қатысуымен жалғасады. Сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттерінің қойылымында тарихи театралдық экскурс және интеллектуалды сайыстар жүргізіледі.
  2. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық спорт ойындарын кеңінен насихаттау мақсатында: арқан тартыс, қол күрес, асық ату, кір көтеру және т.б. ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтеді.
    Сонымен қатар, «кроссфит» бағытында эстафета, скандинавиялық жүрістен мастер-класс ұйымдастырылады.
  1. Қорытындылау бөлімі «Zumba» би ұжымының бастауымен «Мыңнан жүйрік, мақсаты биік, арман қалам — Алматым» ұранымен флэшмоб акциясын құрайды.

Одан басқа аталған мерекелік шара аясында «Мега Парк» ОСО-ның алаңында «Суретшілер» одағының көрмесі, Халықаралық «Artbat Fest» фестивалі аясында инсталяциялар көрмесі, «қол өнер» және кітаптар жәрменкесі өтеді. Мерекенің әрбір қонағына Алматының тәтті аппорты тегін таратылады.

Іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқандар: «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық бөлімі, «Ақ Ниет» емдеу сауықтыру орталығы, «Қоғымдық келісім» қоғамдық бірлестігі, «Тұрғын Үй Құрылыс» банк.

Өтетін орны мен уақыты: 17 қыркүйек, сағат 16.00-де, «Мега Парк» ойын сауық кешені (Сейфулин-Мақатаев к-сі қиылысы)

Қосымша ақпарат: 262-26-08, 87009972191 Абылай.