Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

6-8 сәуір күндері қар аралас жаңбыр жауады

Фото: B-port.com

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 6-8 сәуір күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, шығысқа қарай жылжитын суық атмосфералық фронтпен бірге еліміздің шығысы мен орталығында жаңбыр мен жылбысқы қар жауып, көктайғақ болады, оңтүстік-шығысында жаңбыр, нөсер, бұршақ жауып, найғазай ойнайды, таулы аудандарда қар көшкіні қаупі күшейеді.

Фронттың артынан ығысып жатқан антициклон Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының бүкіл аумақта климаттық нормадан төмен болуына ықпал етеді, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

«Қазгидрометтің» болжамы негізінде Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі тұрғындарға ескерту жариялады.

Жаңбыр жаууына байланысты 6-7 сәуірде Алматының іргелес аумақтарында бүйірлі ағын қалыптасып, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, — деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметкерлері.

Бұл күндері Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі де күшейеді.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңбырдың салдарынан Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарында өзендер тасуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *