Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі экономикалық ахуалға баға берді

Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерболат Досаев Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берді.

Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалып отыр. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тарапыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұлттық банк төрағасы Тұңғыш Президентке қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен инфляция деңгейін сақтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да мәлімдеді.