«Тісің барда күліп қал». Анимация кейіпкерлері айтқан қанатты сөздер

Анимациялық фильмдер тек балаларға арналып түсірілмейді. Оларда көңіл көтеруден бөлек, мораль да басым. Мульткейіпкерлердің жігерлендіретін сөздерінде өмірлік мән, сабақ та бар. 

Қоңыздардың бастан кешкендері
Кадр скрині

Мына алып ағаштың бар күші кішкентай дәнінде. Аздаған уақыт, күн, жаңбыр — вуаля! Оған бар керегі — осылар. Қазір қолыңнан не келетінін түсінбейсің, өйткені әлі ағаш болып қалыптасқан жоқсың. Сен әлі дән сияқтысың.

Флик, «Қоңыздардың бастан кешкендері»

Покахонтас
Кадр скрині

Сен адамдарды дәл өзің сияқты деп ойлайсың. Егер бейтаныс адамның жолымен жүрсең, жаңа нәрсені үйренесің.

Покахонтас, «Покахонтас»

Рататуй
Кадр скрині

Егер өткен іске ғана назар аударатын болсаң, болашақта не күтіп тұрғанын көре алмайсың.

Гюстав, «Рататуй»

Қарша қыз, жеті гном
Кадр скрині

Жұмысың өте көп болса да, ол сені уайымдатпасын. Проблемаларыңды ұмытуға тырыс, өмір сүр.

Қарша қыз, «Қарша қыз бен жеті гном»

Парвана
Ресми постер

Дауысыңды қанша көтеріп сөйлесең де, сөзің жүрекке жетпесе, бәрі бекер. Өйткені гүл найзағайдың емес, жаңбырдың ықпалымен өседі.

Парвана, «Асыраушы»

Мерида
Кадр скрині

Біздің тағдырымыз жан дүниемізде жасырынған. Оны көру үшін батыл болуың керек.

Мерида, «Батыл жүрек»

Карл Фредриксен
Кадр скрині

Өмір тым қысқа. Тісің бар кезде күліп қал.

Карл, «Биікке»

Шифу, Кун фу панда
Кадр скрині

Егер қолыңнан келетін нәрсені ғана істесең, онда дәл қазіргі қалпыңнан еш өзгермейсің.

Шифу шебер, «Кунг-фу панда»

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!