Жәрмеңкеде колледждің мүмкіндігі шектеулі тәлім алушылары қолдан жасалған сабын өнімдері мен тігін бұйымдарын ұсынды.

Нухра Сейтжапбарова, қолдан сабын жасау бойынша тәлім алушы:

Мен III топтағы мүгедекпін, есту және сөйлеу мүмкіндігінен айырылғанмын. Бірақ колледжде білім алудың арқасында мен жаныма жақын мамандықты игердім. Қолдан сабын жасаймын және мен үшін бұл тек қолөнер емес. «Прогресс» колледжінің білім алушысы Асхат Ақкунашевпен тандемде жұмыс істей отырып, біз пішіні, түсі және фактурасы бойынша бірегей бұйымдар жасап шығарамыз. Осылай еңбек етудің арқасында бір-бірімізді түсініп, қолдауды үйрендік, нәтижесінде отбасын құрып, осы жәрмеңкеде бүгін ұсынылып отырған бірлескен шығармашылықты жалғастырып жатырмыз

Шырын Маралбекова, тігін бұйымдары бойынша тәлім алушы:

Нашар естимін, бірақ бұл маған тігіншілікті үйренуге кедергі келтірмеді. Қоғамға пайда әкелетініме және отбасымның жалпы табысына үлесімді қоса алатыныма өте қуаныштымын. Әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуға тырысамын. Әрине, өз бұйымдарымды жәрмеңкелерде көргім келеді. Себебі менің жұмыстарым айналадағыларды қызықтыратынын байқаймын әрі бұйымдарымды сатып алған кезде қуанамын.

Елена Мигерова, тігін бұйымдары бойынша тәлім алушы:

Келеңсіз жағдайға тап болып, соның салдарынан 30 жасымда аяғымнан айырылдым. Бұрын мен сауда саласында жұмыс істегенмін. Қазір мұндай кәсіппен айналыса алмаймын. «Прогресс» колледжі арқылы үйде отырып жұмыс істей алатын мамандық бойынша білім алу мүмкіндігі пайда болды. Қазір мен курсты сәтті аяқтап жатырмын. Алғашқы тапсырыстар да бар. Мүгедектердің проблемаларына немғұрайлы қарамайтын және көмек көрсетіа жүрген барлық адамға, оқытушыларға үлкен рақмет айтқым келеді.

"Прогересс" колледжі
Фото: Дамеш Танашева

«Прогресс» колледжі студенттерді әртүрлі мамандық бойынша оқытады. Ол 18 жастан асқан ересек адамдарға, соның ішінде, ерекше қажеттілігі бар адамдарды сұранысқа ие кәсіптер бойынша мамандануға мүмкіндік береді.

Колледждің директоры Жанна Телпекбаеваның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытудың маңызы ерекше. Мұғалім мұндай студенттерге екі есе сүйіспеншілікпен қарауы және олармен шынайы болуы керек. Колледж түлектері өздеріне болашақта жұмысқа орналасуға немесе өз ісін ұйымдастыруға көмек болғанын қалайды.

Алдымен біз оларды үлкен кәсіпорындарға, тігін фабрикаларына орналастырдық. Бірақ жұмыс қарқыны, жоспары — барлық жағдай оларға теріс әсер етті. Олар алаңдады, уайымдады және ештеңе шықпаған соң жұмыстан өз еркімен кете бастады. Сол шақта біз ауылдағы, Алматыдағы киім-кешек жөндеудің шеберханалары бар сауда орталықтарын аралып көрдік. Олар сонда жұмысқа орналасып жатты. Өз ісін ашқысы келетіндерге біз үйде бизнесін дамытуға көмектесеміз. Әр адамға жеке қарау орынды. Адамның әлсіз емес, күшті қасиеттеріне зер салып, оларды дамыту керек. Біз «Филип Моррис Қазақстан» компаниясына өте ризамыз, олармен бірге көптеген жыл бойы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өмірін жақсартуға көмектесетін және олардың өсуі мен жетілуі үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын осы жобаны жүзеге асырып жатырмыз, —  дейді «Прогресс» колледжінің директоры Жанна Телпекбаева.