- Наурыз айының үшінші аптасында рационды жеңілдету керек. Мысалы, ет жеуді азайтқан жөн. Көкөніс, жеміс-жидектерді көп пайдаланып, сорпа ішу керек. Ал майды азайтқан жөн.
- Көктемнің алғашқы 1,5 айында спиртті ішімдіктерден мүлдем бас тартыңыз. Ол ағзаның тазару процесін бұзып, жаңа жасушалардың өсуіне кедергі келтіреді.
- Сүт өнімдерін аз пайдалану қажет. Бірақ айран ішуге болады.
- Алма сіркесуының жарты ас қасығын салаттарға араластырып жеуге болады. Ол ағзадағы ішек микрофлораларын жақсартады. Ағзадағы калийдің теңгерімі реттеледі.
- Аскөк, ақжелкен сияқты көкөністі көп тұтынған дұрыс. Рационға смузи, күнзе (кориандр) қосуға да болады. Олардың орнын жазға қарай қарбыз бен баялды баса алады.
- Суды көп ішіңіз. Көбірек қозғалып, жүгіруді қолға алсаңыз, ағзадағы қыстан қалған токсиндер термен шыға бастайды. Сауна мен моншаға жиі барыңыз.
Көктемде мына тағамдарды күнде пайдаланса, ағзада дәрумен жетіспеушілігі болмайды.
- брокколи, ашытылған қырыққабат;
- апельсин;
- пияз;
- сәбіз;
- рукола.
(Фото: Аlimentarium-staging.b-i.com)