Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Астанада Қазақстанның Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік орган басшылары отырыста белгіленген ортада зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алуды жетілдіру бойынша шараларды қарап, пысықтады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2396 қарарын атқару шеңберінде аралық қорытындылар жасалып, одан әрі негізгі жұмыс бағыттары белгіленді. Терроризмге қарсы орталықтың отырыс нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешім қабылданды, — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Кәрім Мәсімовке ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілгені хабарланған еді.