«Яндекс» қолданушылары күн сайын көрген түсі нені білдіретінін жорығысы келеді. Іздеу жүйесіне енгізілген сөздерге қарап қазақстандықтардың қандай түсті жиі көретінін де білуге болады. 15 наурыз — Түс көрудің бүкіләлемдік күніне орай компания мамандары 2018-2019 жылдары интернеттен түс жоруға қатысты ізделген сұрауларға талдау жасады.

Түс көруге қатысты ең көп ізделетін 10 сөз:

  1. Адам
  2. Жігіт
  3. Марқұм
  4. Жүктілік
  5. Бұрынғы жігіт (немесе қыз)
  6. Бала
  7. Балық
  8. Үй
  9. Жылан
  10. Күйеу
Түс көру
Иллюстрация: Dribbble.com ©Nick Slater

Сұрауларға қарағанда адамдар көбіне түсінде жағымсыз нәрселерді көрген кезде не болатынын білгісі келеді: мысалы, өлім, улы жылан, әуе апаты, жол апаты. Қолданушылардың түсіне жағымды нәрселер де кіреді: кірпі, аспандағы жұлдыздар.

Қазақстандықтардың кейбірі түсінде зомбиді, апокалипсисті, айдаһарларды, вампирлерді көріп, оны қалай жоруға болатынын білгісі келген. Іздеу жүйесіне «Ұнайтын адамыңның түсіне кіру үшін не істеу керек» деген сұрау да енгізілген.

Түс — түлкінің боғы. Кейде қазақстандықтар интернеттен «екіқабат еркекті көргенде не болады», «әйелдің түсінде көп қарбызды көруі», «адамның түсінде әйелдің сақалы болуы» деген сұрауларға да жауап іздейді.

Қазақстандықтар түс көрген уақытына ерекше мән береді. Мысалы, сұраулардың арасында «бұрынғы жігіттің жұмаға қараған түні түсіңе кіруі», «сенбіге қараған түні көрген түс», «бейсенбіге қараған түні жүкті әйелдің түске кіруі» деген сұраулар да бар.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!