Лайфхак: төменде келтірген мысалдардағы дүкендерде Visa карталары арқылы төлем жасасаңыз, тамаша жеңілдіктер аласыз.

«Қыздардың ең жақын достары»

Белгілі әнде айтылғандай, әйел қауымының «ең жақын достары» — гауһартастар. Сыйға көз тартар қымбат тастар мен металдардан жасалған әшекей алу кез келген қыз-келіншекті бақытты қылары сөзсіз. Бастысы — зергерлік бұйым адамның жеке талғамына, жасына сай келуі керек. Әдетте адамның жасы ұлғайған сайын сыйға тартылатын тастың құны да жоғарылайды. Ал қыз-келіншектерге бриллиант тағу тіпті моветон саналады. Оларға көбіне сәнді күміс немесе алтындалған бұйымдар жарасады. Үлкен әйелдерге сырға мен сақинадан тұратын жинақы комплект сыйласаңыз, жарыңызға, құрбыңызға әдемі кулоны бар ерекше дизайнды алқа, сырға немесе білезік сыйлау орынды. Нақты дүкендерден «Эпл» брендін қарап көруді ұсынамыз. Кең ауқымды таңдау мен ерекше дизайнына тәнті боласыз.

«Эпл» бренді. Фото: Visa.com

Лайфхак: Жақыныңыздың талғамын алдын ала дүкен аралап жүріп, сұрастырып біліп алыңыз.

Романтикалық кешкі ас

Нарық заманында адамдарға кейде жай ғана көңіл бөлу жетіспей жатады. Әдемі мейрамханадағы кешкі ас идеясы, әсіресе, романтик қыз-келіншектерге ұнайтыны анық. Мысал ретіінде Sadu мейрамханалар желісін таңдасаңыз болады. Жағымды интерьер, дәмді тағамдар мен ерекше десерттер кез келген арудың талғамынан шығады.

Sadu мейрамханасы
Sadu мейрамханасы. Фото: Visa.com

Лайфхак: кешкі аста көп сөйлеуге емес, көп тыңдауға тырысыңыз. «Күнің қалай өтті?», «Қандай кітап оқып жатырсың?», «Қандай фильм көрдің?» деген сияқты сұрақтар жақсы әңгіме өрбітеді. Сұхбат алушы роліне кіріңіз.

Күнделікті қажет нәрсе

Ер адамдар қыз-келіншектердің косметикасы оларға ең қажет заттардың бірі екенін біле бермеуі мүмкін. Косметика — жиі таусылып қалатын немесе жиі ауыстырылатын дүние. Мысалы, корейдің Asian Cosmetics өнімдері дүкенінен белгілі сомаға сертификат сыйлаңыз. Жайдары консультанттары кез келген типке қажет күтімді де таңдап бере алады.

Asian Cosmetics өнімдері
Asian Cosmetics өнімдері. Фото: Visa.com

Лайфхак: бұл идея өте жақын адамдарыңызға келеді. Жаңа танысқан қыз «сонда маған күтім жетіспей ме» деп, түсінбей қалуы мүмкін.

Спадағы сапалы демалыс

Елестетіңізші, күні бойы телефонды өшіріп, тыныш, жағымды атмосферада массаж алып, бассейнге түсіп демалып, релакс алу кез келген адамға ұнайды, иә? Әсіресе, жас аналар мұндай сыйлықты ұзақ уақыт есінде сақтары сөзсіз. Әр қалада үздік спа орындары болады. Алматыда, мысалы — Siam Spa.

"Siam Spa" спа
«Siam Spa» спа. Фото: Visa.com

Лайфхак: алдын ала екі адамдық тариф таңдап, керемет рақатқа өзіңіз де бөленіңіз.

Ер адамдар нені бағалайды?

Ал енді ерлерге арналған сыйлық идеяларын тізіп көрейік. Ер мен әйел адамның психологиясы әртүрлі болғандықтан сыйлық сыйлау да әртүрлі болады. Мысалы, қыздар фитнес залына берілген абонементке ренжіп қалатын болса, ер адамдар оны қуана алуы мүмкін. Спортқа байланысты кез келген нәрсе ер адамға ұнайды. Мысалы, Sportland дүкенін аралап көріңіз. Ол жерден спорт киімін алуға болады, футболсүйерлер сапалы кроссовка таңдай алады.

Sportland дүкені
Sportland дүкені. Фото: Visa.com

Лайфхак: сыйлық берерде «сенің спортпен одан да көбірек айналысуыңды қалаймын» деп сенімін арттырсаңыз, сыйлығыңыз ыстығырақ болады.

Ерлер аксессуары

«Ер адамдарға сыйлық алу қиын, олар біз сияқты көп аксессуар қолданбайды» деп ойласаңыз, қателесесіз. Ерлердің күнделікті өмірде қолданатын аксессуарлары жеткілікті. Мысалы, ноутбугын арқалап жүретін адам үшін әдемі бизнес стиліндегі рюкзак таптырмас сыйлық болады. Сонымен бірге сағат, әмиян, белдік, көзілдірік немесе шарф та. Америкалық eBags онлайн дүкенінде Samsonite, The North Face, Travelon сияқты 600-ден аса брендті таба аласыз. «Қазақстан» деп белгілесеңіз, бағалар бірден теңгемен көрсетіледі. 49 доллардан асыра сауда жасасаңыз, тауар тегін жеткізіледі.

eBags онлайн дүкені
eBags онлайн дүкені. Фото: Visa.com

Лайфхак: рюкзактың дұрыс өлшемін таңдау үшін жақын адамыңыздың ноутбугының өлшемін алдын ала көріп алыңыз.

Киім-кешек

Жігіттер киім-кешекке байланысты екі топқа бөлінеді. Бірі — өзіне керекті киім ғана алатын, көбіне дүкенге бара бермейтіндер болса, екіншілері — сәнді киінуді ұнататындар. Екі топтағылар үшін де киім-кешек — жақсы идея. Біріншілер киім сөресінің толыққанына қуанады. Бастысы, олардың киіп үйренген, сүйікті түстерін таңдағандарыңыз жөн. Ал екінші топтағылардың талғамын біліп алсаңыз болғаны. Мысалы, финн бренді Finn Flare-ден ер адамдарға арналған сапалы базалық заттарды табасыз.

Finn Flare дүкені
Finn Flare дүкені. Фото: Visa.com

Лайфхак: киім таңдамас бұрын дүкеннің онлайн каталогын қарап, киімдердің модельдің үстінде қалай тұратынын көріп алыңыз.

Сүйіктіңіз болса

Сүйікті жолдасыңызды қуантудың ең ерекше түрі — тілек қорабын сыйлау. Бұл үшін сізге тек қағаз бен қорапша керек болады. Кішкентай қағаздарға «Сүйікті тағам сертификаты», «Аяқ массажы сертификаты», «Күні бойы жағымды SMS-тер акциясы» сүйкімді идеяларды жазып шығасыз. Жарыңыз мұндай «сертификаттарды» қалаған күні қолдана алады.

Сүйіктіме сыйлық
Сыйлық

Лайфхак: қорапты сәндеудің неше түрін интернеттен қарап көріңіз. Қалаулар санын өзіңіз ғана белгілейсіз. Жанына датасын қойсаңыз да болады. Мұндай қорапты қолдану тек мереке кезінде емес, кез келген уақытта орындауға болатын отбасылық дәстүрге айналады.

Мақаланың демеушісі:

Visa Виза лого

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!