Үкіметте кадрлық өзгеріс болды — Ауыл шаруашылығы министрінің екі орынбасары қызметінен босады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, Премьер-министрдің өкімімен Премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып Мәдина Әбілқасымова тағайындалды.