2006 жылғы үлгідегі банкноталардың айналымнан шығару мерзімі ұзартылды

«Көрсетілген мерзімге дейін (2016 жылдың 3 қазаны) бұл банкноталар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен банктік операциялар үшін Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында шектеусіз қолданылады. Бұдан кейін 12 ай ішінде, яғни 2016 жылдың 4 қазанынан 2017 жылдың 3 қазанына дейін көрсетілген ақша белгілері кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады. 2020 жылғы 3 қазанға дейін барлық ҚР Ұлттық банк филиалдарында айырбасталуы тиіс. Айырбастау ақысыз жүзеге асады», — делінген ҰБ хабарламасында.

2020 жылғы 4 қазаннан бастап банкноталар заңсыз болып табылады.

Дереккөз7kun.kz