Әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақысы көбейеді

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде әлеуметтік бюджеттік сала жұмысшыларының жалақысы 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 30%-ға өсетінін айтты.

Бұл бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда еңбек етіп жатқан 1 миллион азаматтық қызметшіні қамтиды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік саланың төмен еңбекақы алатын жұмысшыларының жалақысын 30%-ға көбейтуді тапсырамын. Бізге оларды қолдау қажет. Бұл мақсатқа 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді, — деді Президент.

Мемлекет басшысы атқарушы органдардың аудан, облыс деңгейінде, ауылдарда жұмыс істеп жатқан төменгі жұмысшыларының жалақысын орта есеппен 25%-ға көбейтуді де тапсырды.

Бүгінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі шараларды күшейту қажет. Девальвацияға байланысты биржадағы тауарларымыз олай-бұлай ауытқыды, табыс пен жалақының табиғи төмендеуі болды, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті съезі өтіп жатыр. Оған қатысуға 2000-ға жуық адам келді. Съезде партияның 20 жыл ішіндегі жұмысы қорытындыланып, 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламаның негізгі міндеттері анықталады.

ДереккөзTengrinews.kz