Үздік аттестатты беру ережесі қандай?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы»  бұйрығының 43-тармағына сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден «5» деген бағасы бар 9-сыныпты (немесе 10-сынып) бітірушілерге ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

Осылайша 9-сынып түлегі аттестатқа қосымшаға енгізілетін барлық оқытылған пән бойынша (6-сыныптағы бейнелеу өнері мен музыканы қоса алғанда) жылдық, емтихан, қорытынды бағасы «5» болса, негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер бола алады, — дейді білім саласының мамандары.

«Алтын белгі» кімдерге беріледі?

Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11-сыныптар (немесе 12-сынып) аралығында барлық пәннен жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағамен өткен 11-сынып (немесе 12-сынып) бітірушілеріне №39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

Сабақтан босатылу оқу үлгеріміне әсер ете ме?

Білім алушыларды технология (көркем еңбек), алғашқы әскери дайындық (алғашқы әскери және технологиялық дайындық) және дене тәрбиесі пәндерінен Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен босату олардың үлгеріміне, қорытынды аттестаттауға жіберуге, келесі сыныпқа көшіруге әсер етпейді.

3 пікір

  1. Сәлеметсіз бе! Менде 10 сыныпта 1 тоқсанда 2 пәнен 4 болдым бірақ жылдық пен қорытынды да 5 болды барлығы енді 11 сыныпта барлық тоқсан 5 болса және жылдық пен қорытынды 5 болса қызыл аттестатқа ұсыныла аламын ба ? Жауап беріңіздерші білетін мамандар

  2. 5 кластағы баға кіреме 9 қызыл аттестатына

  3. Менин қызым 6шысыныпта 1сабактан 4ке ұсталып тұр кызыл атестат ала алама

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!