Басты бетЖаңалықтарНұрлан Ноғаев...

Нұрлан Ноғаев 12 елді мекенге электр желісі тартылатынын айтты

Атырау облысында 12 елді мекенде жаңа электрмен жабдықтау желілері салынады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін Нұрлан Ноғаев облыс халқына есеп беру кездесуінде айтты.

Облыс әкімінің мәліметінше, 2019 жылы Махамбет ауданында Махамбет селосын, «Самал», «Жасыл белдеу», «Наркескен», «Сарытоғай» ықшамаудандарын, Исатай ауданында Хамит Ерғалиев, Жанбай, Тұщықұдық, Зинеден ауылдарын электрлендіру басталады. Кернеуі 110 кВ, ұзындығы 205 шақырым Құрманғазы — Асан әуе желісін жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ балансындағы электрмен жабдықтау желісінің тозуына байланысты Атырау облысының әкімдігі 12 елді мекенді электрлендірудің жобалау-сметалық құжаттамасын дайындады. Құжаттар кешенді сараптаудан өткізуге дайындалып жатыр, — деді облыс әкімі.

2018-2019 жылдардағы жылу маусымында баламалы энергия көздерін дамыту мақсатында 8,4 миллиард теңге бөлінді. Аймақ басшысы 19 қаңтарда бір апатты жағдай болып, көппәтерлі үйлер жарты күн жылусыз қалғанын айтты. Жедел штаб құрылып, жағдай сол күні реттелді.