Головкин бесінші раундқа дейін Бруктан ұпай санымен ұтылып жатқан

Төрт раундтан кейін арбитр Бену Русселдің картасында  есеп 39:37, басымдық Брукке берілген, ал Крейг Меткалф пен Гвидо Кавальериде ұпай 38:38 деп көрсетілген.

Еске сала кетсек, Головкин Брукті техникалық нокаутпен бесінші раундта ұтқан болатын. Британдық спортшының бапкері Доминик Ингл шаршы алаңға ақ ормалын лақтырды, өйткені боксшының денсаулығына қауіп төне бастаған еді.