2019 жыл басталғалы қоғамды елең еткізген оқиғалар көп болды. Мұрат Ділманов әлеуметтік желілерде талқылана бастаған тақырыптардың қай-қайсысын да жібермей, оларға жылдам карикатура арнап отырады.

1. Астанадағы қайғылы оқиға

Мұрат Ділманов, карикатура

…Қазақстанда балалардың өмірі қанша тұратынын түсіндік. 16 160 теңге, — деп жазды суретші.

2. «Ештеңе естімеймін, ештеңе көрмеймін, ештеңе айтпаймын.»

Бұл оқиғадан соң көпбалалы азаматтардың түнгі мезгілде не себепті жұмыс істеуге мәжбүр болғаны туралы сұраққа билік өкілінің жауабы есіңізде ме?

Мұрат Ділмановтың айтуынша, бұл карикатура қазақстандық шенеуніктердің дағдарыс кезінде қалай әрекет ететінін көрсетеді. «Бұл — олардың таңдауы».

Айта кетейік, суретші карикатурада жапонның «ештеңе көрмеу, ештеңе естімеу, ештеңе айтпау» деген иллюстрациясын қолданған. Бірақ жапондарда ол — «жамандықты көрмеу, өсек пен жаман сөзге үйір болмау» деген ишара.

3. «Пиноккио айтысы»

Мұрат Ділманов, карикатура

Бұл жұмысында Мұрат Ділманов Ринат Зайытовтың сөзін пайдалана отырып, айтыскерлердің орнына халыққа көп уәде беретін шенеуніктерді әжуалаған.

4. «Жастар жылы»

Мұрат Ділманов, карикатура

«Жастар жылы» туралы ештеңе айта алмаймын. Бірақ биыл студенттер жастарға арналған декоратив шараларға қатысуға үш есе көп мәжбүрленетіні анық, — дейді суретші.

5. «Жас Астананы алып қашу»

Мұрат Ділманов, карикатура

Линогравьюраға арналған бұл карикатурада Астана жас қыздың кейпінде бейнеленген.

6. Түтінге батқан Алматы

Мұрат Ділманов, карикатура

Тауға шықсаңыз, Алматыны қалың тұмша басып тұрғанын көресіз. Сурет осы көріністі дәлме-дәл сипаттап тұрғандай.

7. «Мы — братва, мы — банда»

Мұрат Ділманов, карикатура

ҚР ІІМ Қарағанды академиясында курстанттарға жаңажылдық видеоқұттықтау арнаған экс-полицей есіңізде ме? Суретші бұл карикатураға «Бандиттер Петербургындағы» Антибиотик пен «Ниндзя-тасбақалар» кейіпкерінің образын пайдаланған.

8. «Төбелес видеосын бірден өшіру керек»

Мұрат Ділманов

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әлеуметтік желілердегі негатив контентпен күрестің жаңа амалы туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, бұдан былай желілерде балалар төбелесі түсірілген видеолар пайда болған кезде мұғалімдер мен психологтар Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тікелей хабарлай алады. Шағым түсірілген видео бірден өшіріледі.

9. Ауызға түкіру ырымы туралы

Мұрат Ділманов

Байлық ДНК-сының берілуі, — дейді Мұрат Ділманов әлеуметтік желілерде.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әнші Төреғали Төреәлінің баланың аузына ырымдап түкіріп жатқаны хабарланған еді.

10. Әйгілі Фредди Меркьюри

Жуырда «Богема рапсодиясы» фильмінде (2018) Queen рок-тобының вокалисі Фредди Меркьюридің ролінде ойнаған америкалық актер Рами Малек «Үздік ер адам ролі» номинациясы бойынша BAFTA сыйлығын иеленді. Фильм биылғы «Оскар» сыйлығынан да бірнеше номинация бойынша үмітті.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!