Павлодарлық ұстаз Омбы қазақтарына ана тілін үйретеді

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Дәулет Темірболаттың айтуынша, курстың мақсаты — Ресей Федерациясында тұратын отандастармен мәдени байланысты  нығайту, қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін қолдау көрсету.

«Бұл шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы «Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдерінің ана тілін меңгеруі үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету» тармағы шеңберінде және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Жас ерекшеліктері әртүрлі қазақ диаспорасынан 50  адам қазақ тілін оқып, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын үйренетін болады. Қандастарымызға  қазақ тілін «Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кинжикова оқытады. Ол көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы әрі тәжірибесі мол  маман», — дейді Дәулет Темірболат.

Айта кетерлігі,  Омбыда 83 мыңнан астам қазақ ұлтының өкілі тұрады. Оның 20 мыңы — балалар.

Дереккөзpavlodarnews.kz.