Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елбасы премьер-министрлікке Бақытжан Сағынтаевты таңдау себебін айтты

– Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында жаңа министрлер кабинеті шешуге тиісті бірқатар жаңа міндеттер қойдым. Әлемдік экономика мен саясаттың қазіргі тұрақсыздығы жағдайында стратегиялық бағдарламаларымызды іске асыруды жалғастыру маңызды. Үкіметтен барлық бағыт бойынша нақты, сауатты жұмыс талап етіледі. Бақытжан Сағынтаев жаңа Үкімет жұмысының сабақтастығы мен тиімділігін сақтау үшін лайықты кандидатура деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Б.Сағынтаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Б.Сағынтаев көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, жүктелген міндеттерді орындауға бар күш-жігері мен білімін жұмсайтынын айтты.

Мақалаға реакция

10 Пікір

  1. М
    Мирас 10 жыл бұрын
    Елбасымыз не істесе де қолдаймын. Өзі осы елде өніп-өскен, ұрпағы да осы жерде. Не істесе де ел үшін.
  2. Р
    Раушан 10 жыл бұрын
    Сағынтаевқа лауазымы құтты болсын деп тілейміз! өзіне ғана емес, ЕЛ үшін құтты болсын! Атқаратын істері ел игілігі үшін болсын.
  3. Н
    Назгүл 10 жыл бұрын
    Оңайшылықпен келген лауазым емес. Сіңген еңбегі бар деп ойлаймын!
  4. Қ
    Қуат 10 жыл бұрын
    Мойнына үлкеееен жүк ілінді. Абыроймен алып жүрсін азаматымыз!
  5. А
    Архат 10 жыл бұрын
    Өзінің жұмысын сеніммен ақтайды деп ойлаймын.
  6. М
    Мира 10 жыл бұрын
    Осы адамның қазақилығы ұнайды. Бұл лауазымға қоюда үлкен мән бар шығар.
  7. О
    Омар 10 жыл бұрын
    Сағынтаевтың кандидатурасы маған ұнайды
  8. Б
    Бекжан 10 жыл бұрын
    Бақытжан Сағынтаев мықты азамат
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Мемқызметте не саяси ойлай алмайтын, не ел келешегін болжай алмайтын, жүрегі таза емес, ұлт мүддесі дегеннен мақұрым, мәңгүрт, шала-шатыстардан гөрі осындай азаматтар көп болса екен, қазақ елі қалай өркендер еді !!! Аллам сені қолдасын, Бақытжан! Сіз өзіңіздей адал азаматтарға ел үшін қызметтерінде жағдай жасайды деп сенеді халқыңыз.
  10. М
    Марат 10 жыл бұрын
    Бакеңе сенемін. Жақсы азамат сияқты. Елге жаны ашиды.