Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (МҚІСЖҚА) төрағасы Алик Шпекбаев №083, №086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды.
Соңғы уақытта азаматтар№083, №086 анықтамаларын жинаудың қандай қажеті бар екенін айтып жүр. Бұл құжаттар шешім шығаруға еш әсерін тигізбейді. Оған қоса, осы анықтамалардың заңсыз сатылымы индустрия түрінде дамыған, — деді Алик Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа жиынында.
МҚІСЖҚА басшысы елімізде мемлекеттік қызмет түрлерін одан әрі жетілдіру қажет екенін айтты.
Мен қандай құжаттардан қиналыссыз бас тарту қажет екені жөнінде ұсыныс енгізуге үндеймін, — деді Алик Шпекбаев.