Аяз бен боранға байланысты бірнеше тасжол жабылды

Аяз бен боранға байланысты Астанадан шығатын тасжолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының мәліметіне сілтеме жасаған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз, боран, жел) 5 ақпанда сағат 07.30-нан бастап Астана — Щучинск тасжолының 18-231 шақырымдары аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Сол сияқты қатты жел, бұрқасын мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Ақмола облысының республикалық маңызы бар тасжолдарының Астана — Петропавл (231-293-шақырымдар, Щучинск пен Көкшетау арасы), Екатеринбург — Алматы  (1007-1247-шақырымдар, Атбасар мен Астана аралығы) учаскелерінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.