Transparency international-дің мәліметінше, Қазақстан (31) 124-орында, Украина (32) 120-шы, ал Ресей (28) 138-орында тұр.
Шкала 0-ден 100-ге дейінгі көрсеткішпен белгіленеді. Қай елде жоғары көрсеткіш болса, сол елде жемқорлық саны аз. 180 елдің үштен екісі 50-ден аз балл жинады. Орта көрсеткіш 43 балл болды.
Нәтиже көп елдің жемқорлықты қадағалай алмайтынын, бүкіл әлемде демократияны дағдарысқа алып келуі мүмкін екенін көрсетті. Кейбір елде жағдай жақсарғанына қарамастан жемқорлықпен күреске кірісе алмайды.
Рейтингтің бірінші орнында 88 балмен Дания тұр. Екінші орында Жаңа Зеландия (87), одан кейін Финляндия, Сингапур, Швеция мен Швейцария (85). АҚШ (71) бұл тізімде 22-орында. 2018 жылы АҚШ бірінші рет жемқорлығы аз алғашқы 20 ел қатарына кірген жоқ. Ал соңғы орында 10 балмен Сомали тұр. Елде азаматтық соғыс үздіксіз жүріп жатыр.