Sobaka

Sobaka — iOS-та тегін, интернетсіз музыка тыңдауға арналған қосымша.

Музыканы Вконтакте, YouTube және кез келген сайттан аудиофайл жүктеп алуға болады.

собака музыка
Фото: Lumpics.ru

Басты артықшылықтары:

  • қуатты эквалайзер;
  • плейлист құжатын құрастыру, сұрыптау;
  • Яндекс Диск, Dropbox және Google Drive-тен файлдар жүктеу;
  • ұйқы таймері;
  • файлдарды басқару, көшіру, орнын ауыстыру.

Яндекс.Музыка

яндекс музыка
Фото: Geekon.media

Яндекс.Музыка —  музыканы бастапқы 3 ай тегін тыңдауға арналған қосымша.

  • Пайдаланушы музыканың мол қорына ие болады;
  • Барлық музыка жанрға, альбомға және орындаушыға бөлінген;
  • Радиостанцияға кіру мүмкіндігі бар;
  • Егер музыканы Яндекс дискіге сақтаса, оны өз медиатекасымен синхрондау мүмкіндігіне ие болады;
  • Музыканы тану функциясы бар.

SoundCloud

SoundCloud
Фото: VOX Music Player

SoundCloud — тегін, шексіз мерзімде музыка тыңдауға болатын қосымша. 

Жалғыз шектеуі — интернетсіз 3 сағат қана тыңдауға рұқсат етілген. Қосымшаның жадына көп тыңдалатын музыкалар сақталады.

SoundCloud — бүкіл әлем пайдаланатын қосымшаның бірі. Онда қазақ, орыс тілдері таңдалмайды. 

FreemakeMusicbox

FreemakeMusicbox
Фото: Soft-Ok

FreemakeMusicbox — музыканы тегін тыңдауға және жүктеуге арналған мобильдік қосымша. 

Мүмкіндіктері:

  • музыка тыңдап, біруақытта YouTube-тен клип қарау;
  • интернеттен кез келген аранжировкалы музыка табу;
  • музыканы арнайы хештег арқылы іздеу;
  • көптеген радиостанцияға қол жеткізу;
  • тректі әлеуметтік желіде бөлісу.

Deezer

Deezer
Фото: Guides.yoosecurity.com

Deezer — музыканы тегін жүктеп, интернетсіз тыңдауға мүмкіндік жасайтын қосымша. 

Мұнда 53 миллионнан аса композиция бар. Музыканы бөлек файлға сақтауға болады.

Қосымшаны тегін пайдалануға болады. Бірақ жарнама шығып, жүктеуге және жіберуге шектеу болуы мүмкін.