YouTube-тан видеоны компьютерге және телефонға қалай оңай жүктейді?

YouTube-тан видеоны компьютерге немесе ноутбукке қалай жүктейді?

  1.  SaveFrom

YouTube-тан видео жүктеудің ең қарапайым тәсілі SaveFrom бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Ол үшін  youtube.com сайтының адрес жолағына «ss» әріптерін жазып, «Enter» батырмасын бассаңыз болды.

 Youtube-тағы видеоның сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=LnRbYkkTais&t=947s
Видеоны жүктейтін сілтеме: https://www.ssyoutube.com/watch?v=LnRbYkkTais&t=947s

Команда бергеннен кейін, сіз бірден Savefrom.net сайтына жөнелтілесіз. Мұнда жасыл төртбұрыштың ішіндегі «Жүктеу» шертпесіне басасыз. Одан бұрын видеоның форматын таңдап алсаңыз болады.

YouTube-тан видео жүктеу
Скриншот

2. GetVideo

Видео жүктеуге мүмкіндік беретін қарапайым сервистің бірі — GetVideo. Мұнда тек YouTube-тан ғана емес, Вконтакте желісінен де видеоларды еш қиындықсыз жүктей аласыз. Ол үшін видео сілтемесін GetVideo сервисінің басты бетіндегі жолаққа қоясыз. Соңыра «Жүктеу» шертпесіне басасыз.

YouTube-тан видео жүктеу
Скриншот

Дәл осы функциялармен жұмыс істейтін сервистер саны аз емес. Мысалы:

Дегенмен, бұл сервистердің кейбірі FullHD-де, тіпті 4K-да сапалы бейне жүктеу сияқты қосымша функцияларды ұсынады, бірақ жұмыс істеу принциптері бірдей.

YouTube-тан видеоны телефонға қалай жүктейді?

  1.  SaveFrom

Жоғарыда айтқан сервистің көмегімен видеоны смартфонға да жүктеу оңай. Ол үшін YouTube қосымшасынан қалаған видеоңызды ашасыз. Видеоның жоғары жағында «Бөлісу» белігісі тұрады. Соған басыңыз.

YouTube-тан видео жүктеу
Скриншот

Төменнен бөлісудің түрлі тәсілдері тұрады. Содан «Копировать ссылку» деген шерпеге басыңыз. Браузерден SaveFrom.net сайтын ашып, көшірілген сілтемені жолаққа қоясыз. «Жүктеу» батырмасына басып, видеоны смартфоныңызға көшіріп аласыз.

YouTube-тан видео жүктеу
Скриншот

Егер браузерге кіріп жүруді қаламасаңыз, смартфоныңызға YouTube-тан видео жүктей алатын қосымшалардың көмегіне жүгінсеңіз болады.

Android қолданушыларына арналған қосымшалар:

iOS қолданушыларына арналған қосымшалар:

Ал Сіз видео жүктеудің қандай тәсілдерін білесіз? Пікір қалдырыңыз!