Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, биылғы жылдың шiлдесiнде жылдық инфляция шектiк деңгейге жетiп, ақырындап төмендей бастаған. Тамыз айында айлық инфляция 0,2 пайызға дейiн баяулап, жылдың басынан 5,4 пайызды құрады.
Тағы бiр маңызды фактор, экономиканы кредиттеу қайта басталды. Министрдiң айтуынша, егер қаңтардан сәуiрге дейiн кредиттер көлемi төмендесе, мамырдан бастап өсiм байқалған. 1 тамызда кредиттер 0,5%-ға өсіп, 12,7 трлн теңгені құраған.
Айта кетейiк, Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Отырыста биылғы жылдың 8 айындағы елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы уақыттағы маңызды мақсат-мiндеттер айқындалады.