Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатына келді

Салтанатты шараға жастардың барлық санатының өкілі: актерлар мен орындаушылар, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» байқауының қатысушылары, «Болашақ» түлектері, жас ғалымдар мен әскери қызметкерлер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, спортшылар және дарынды балалар қатысты.

Қонақтардың ішінде әнші Димаш Құдайберген, актриса Құралай Анарбекова, шахматист Жансая Әбдумәлік және тағы басқалары бар.

Сонымен қатар форумға белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы келеді деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Кейінірек Жастар жылының логотипі бекітілген еді. Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалы, сары түс — позитив энергияны, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс — кеңдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс — рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс — тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы деп бейнеленген.

ДереккөзТengrinews.kz