Геннадий Головкин Брукпен жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алады?

Daily Star ақпаратына сәйкес, Геннадийдің сыйақысы 3 миллион фунтты (4 миллион АҚШ долларынан астам) құрайды.

Головкиннің қарсыласы Брук те жекпе-жекте сондай сома алатыны хабарланды. Екі боксшының да мұндай сыйақы көлемі рекордтық көрсеткіш болмақ.

Спортшылар Лондонда жекпе-жек алдындағы ашық жаттығуын өткізгенін атап өтеміз.

Еске салсақ, 10 қыркүйекте WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақтағы IBF чемпионы Келл Брукке қарсы жекпе-жекте атақтарын кезекті қорғайтын болады. Бокс кеші Лондонда 20 мың көрермен сиятын 02 аренасында өтеді.

Тікелей эфирде «Қазақстан» және KazSport телеарналары көрсетеді. Бұл жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 00.00-де басталады.

ДереккөзҚазАқпарат