Қазақстанның кәсіби боксшысы Геннадий Головкин ұлды болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлының дүниеге келуімен құттықтайды! Геннадийге және оның отбасына мықты денсаулық пен отбасының амандығын тілейміз! — делінген хабарламада.
37-ге таяған Геннадий Головкин зайыбы Алинамен бірге бұған дейін бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған еді. Ұлы 2009 жылы, қызы 2017 жылы туды. Геннадий мен Алина 2007 жылы шаңырақ құрды.
Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Геннадий Головкин Қазақстанға келіп, еліміздің жас боксшыларына қолдау көрсететінін айтқан еді.