Басты бетЖаңалықтарДәурен Абаев...

Дәурен Абаев бір жылғы жұмысты 4,5 минутта айтып шықты

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзі басқаратын ведомствоның былтыр атқарған негізгі жұмыстарына туралы айтты.

Ең алдымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс қолға алынды. Былтыр «Астана хаб» технологиялық паркі өз жұмысын бастады. Бұл технопарктің аясында білуге құмар, үйренуге ынталы жастарымыздың цифрлық мүмкіндіктерін дамыту үшін жан-жақты жағдайлардың барлығы қарастырылған. Қазір Қазақстанның бес қаласында Smart City тұжырымдасы іске қосылып жатыр,  — деді Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жария еткен видеоматериалында.

Министрдің айтуынша, жыл бойы ел тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті ыңғайлы қалыпқа түсіруге бағытталған жұмыстар да бір сәтке тоқтаған жоқ. Былтыр алдымен Астанада, содан кейін Алматы мен Шымкент шаһарларында және Қостанайда цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтары  ашылды. Сонымен бірге Қазақстанның 7 қаласында миграциялық қызмет көрсету орталықтары іске қосылып, шетел азаматтарына «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсету жүзеге асты. 20 мың шақырым болатын талшықты-оптикалық желі құрылысы басталды. Бұл шалғай ауылдарды мекендейтін ел тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз етуге жол ашады.

Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойы аталып өткен жылы, яғни былтыр аймақтарды цифрлық хабар таратуға көшіріп, анологты хабар таратуды біртіндеп тоқтата бастадық. Шекаралық аймақтарда мемлекеттік радио хабарын тарату жүйесін дамыту жұмысы жалғасып жатыр. Өздеріңіз жақсы білесіздер, бұл көптеген жыл бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе болатын. Еліміздің журналистерін ынталандыру мақсатында «Үркер», «Тұмар» ұлттық сыйлықтарын табыстау мен медиа саласын жандандыру бойынша ұйымдастырылған Astana Media Week шарасы да табысты өтті. Отандық телеарналар мен продакшн-студиялар қазірдің өзінде жоғары рейтингке ие болған 46 сериал түсірді. Біз санды емес, сапаны арттыруға көп көңіл бөлдік. Мемлекеттік тапсырыспен түсірілген сериалдардың жанрлары да сан алуан. Тарих, таным, тіл, дәстүр, спорт тақырыптары да кеңінен қамтылған, — деді министр.

Сонымен қатар ол былтырғы қараша айынан бастап «Егемен Қазақстан» газеті латын әліпбиімен жазылған мақалаларға әр санының бір бетін арнай бастағанын айтты.

Бұл ұлттық әліпбиімізге деген бетбұрыстың алғашқы қадамдарының бірі ретінде тарихта қалатыны даусыз. Tamasha TV телеарнасының ашылуы да — өткен жылдың Қазақ телевизиясына берген сарқыты. Сонымен қатар «Қазақстаның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі өткізілді. Осы айда қорытындысы белгілі болады. Ал 2018 жылы Қазақстан халықаралық «Балалар «Евровидениесі» байқауына алғаш рет қатысты. Бұл — біздің Еуропалық хабар тарату одағымен біріккен жұмысымыздың оң нәтижесі. Ашық үкімет порталының да жұмысы оңтайландырылды. Заң жобаларын жетілдіру жұмыстары да жалғасып жатыр. Бұл — 2018 жылы атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Бір адамның ғана емес, сіз бен біздің бір жұдырықтай жұмылып атқарған ауқымды жұмыстардың көрінісі, — дейді Дәурен Абаев.

2018 жылды қортындыладық

Опубликовано Дауреном Абаевым Вторник, 15 января 2019 г.

ДереккөзInform.kz