Есен Елеукен жаңа телеарнаға басшы болып тағайындалды

Есен Елеукен Tamasha TV ойын-сауық телеарнасының директоры болып тағайындалды.

2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ойын-сауықтық Tamasha TV телеарнасы эфирге жол тартады. Жаңа телеарна OTAU TV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болады. Сонымен қатар алдағы уақытта басқа да кабельдік операторларда SD форматта таратылады. Бүгінде спутниктік OTAU TV операторының аудиториясы шамамен 900 мыңға жуық болса, ал ID TV-ді 413406-ға жуық абонент қолданады.      Tamasha TV телеарнасының эфирі «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ішкі телеөнімімен толықтырылады, — делінген телерадиокорпорацияның хабарламасында.

Жаңа телеарна «Әзіл әлемі», «Жайдарман», «Хаха-шоу», «Әзіл man», «Көңілді тапқырлар алаңы», «Қызық екен» бағдарламаларын, комедиялық телехикаялар және тағы басқа қызық жобалар ұсынады. Сонымен бірге ол телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауық бағдарламалары эфирге оралады.

Tamasha TV телеарнасының орташа тәуліктік хабар тарату уақыты — 22 сағат.

Есен Елеукен 1973 жылы 5 желтоқсанда туған. Қазақстан КВН одағының төрағасы, «Жігер.Абырой.Сана» қоғамдық қорының жетекшісі.

ДереккөзInform.kz