Басты бетЖаңалықтарАлматыда қалыңдығы...

Алматыда қалыңдығы 20 сантиметр қар жауды

Алматыда 20 сантиметр қар түсті. Алматы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, қар 12 қаңтар күнгі сағат 00.00-ден бастап жауған.

Сағат 08.00-дегі мәлімет бойынша қала аумағында биіктігі 10 сантиметрге дейін жететін, таулы аудандарда 20 сантиметрге дейін жететін қар түскен. Көктайғақты болдырмау үшін 11 қаңтар күнгі кешкі мезгілден бастап Алматыда 155 техника көшелерге құм сеуіп жатыр. Басқарманың мәліметінше, бұл мақсатқа барлығы 2 450 тонна материал пайдаланылады.

Қаланың көлік жүретін жолдары мен тротуарлары қардан тазартылып жатыр. Қар тазалаушылар алдағы дүйсенбіге дейін күні-түні жұмыс істейді. Түнгі мезгілде 556 техника жұмысқа шығады. Жолдарда 845 адам жұмыс істейді. Күндізгі уақытта көшелерді 700 техника мен 2 360 жұмысшы қардан тазалайды.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК мамандары 12-14 қаңтар күндері Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында оңтүстік циклонның әсерінен арагідік қар жауып, бұрқасын соғатынын, батыс бағыттан қатты жел соғатынын және тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлаған еді.

ДереккөзTengrinews.kz