Қазақстан тұрғыны Нью-Йоркте жоғалтқан 10 мың долларын тапты

Нью-Йорк тұрғыны 10 мың доллар салынған сөмкені тауып алып, иесіне қайтарды. Сөмкенің иесі қазақстандық Айя Төлемағанбетова болып шықты. Бұл туралы CBS New York телеарнасы хабарлады.

Аяй Төлемағанбетова сөмкесін желтоқсан айында Нью-Йорк метросында жоғалтып алған. Телеарнаның хабарлауынша, метрополитеннің платформаларының бірінде иесіз жатқан сөмкені Манхэттендегі Жоғарғы Уестсайд тұрғыны Ричард Таверна тауып алған. Ол бірден сөмке иесін іздестіруге кіріседі, ақыры онымен 10 қаңтар күні жолығады.

Қазақстан азаматшасының айтуынша, ол 10 мың долларға балаларға жаңажылдық сыйлық сатып алмақ болған.

Ричард — ерекше адал адам, оның ісі менің Құрама Штаттар тұрғындары туралы көзқарасымды өзгертті, — дейді Айя Төлемағанбетова.

Қайырымды азаматқа риза болған қазақстандық оған «Алтын адам» мүсіншесін сыйға тартты. Сонымен бірге ол мың долларын балаларға қайырымдылыққа аударды.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға Астанада да болды. 11-сынып оқушысы Илья Шавиков банк картасы мен 112 мың теңге салынған портмонені тауып алып, иесіне қайтарған.

ДереккөзTengrinews.kz