Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Шашынан тартып, лақтырған: Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиеші сотталды

Фото жеке архивінен
Павлодарда 2-2,5 жастағы 16 баланы азаптады деп айыпталған балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, тәрбиеші балаларға жүйелі түрде күш көрсеткен.

Айыптау тарапы сотталушының балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады — оларды ұрып-соғып, шаштарынан тартып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтірген, — делінген хабарламада.

Прокурор сот барысында тәрбиешінің кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар ұсынып, ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, неғұрлым ауыр айып тағылғанын мәлімдеді.

Сот үкімімен әйел төрт жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алайда жазаны өтеу кейінге қалдырылды. Сонымен қатар оған үш жыл бойы педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.