Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматының бір бөлігінде уақытша газ болмайды

Freepik AI
Алматының Медеу ауданының кей жерінде 12–16 мамыр аралығында газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

QAZAQGAZ AIMAQ АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы жаңадан салынған газ құбырларын қолданыстағы желілерге қосуға байланысты газ беру уақытша тоқтатылады.

Мәлімет бойынша, жұмыстар екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең 2026 жылғы 12–16 мамыр аралығында өтеді. Осы уақыт аралығында Көктөбе шағынауданы — Достық даңғылы — Армянская көшесі — Тәттімбет көшесі аумағында газ беру уақытша тоқтатылады.

Сонымен қатар жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілуі мүмкін:

  • Ж. Омарова көшесінде Тәттімбет көшесімен қиылыс маңында;
  • Луганский көшесінде Армянская көшесінен әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге дейінгі аралықта.

Мамандардың айтуынша, жаңа желілерді қосу аталған ауданда газбен жабдықтау жүйесінің сенімдігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Компания тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрады.