Алматының 27 ықшамауданына жаңа атау берілді

Алматы әкімдігі мен мәслихаты қаланың бірнеше ықшамауданына атау беру туралы шешім қабылдады.

Бұрынғы ықшамаудандардың атауы былайша өзгереді:

Алатау ауданы бойынша:

«Алғабас-1» — «Нұркент», «Алғабас-2» — «Ботакөз», «Алғабас-3» — «Ақмаржан», «Алғабас-4» — «Ғажайып», «Алғабас-5» — «Дарабоз», «Алғабас-6» — «Зерделі», «Заря востока» — «Шапағат», «Құрылысшы» — «Самғау», «Трудовик» — «Томирис».

Әуезов ауданы бойынша:

«Дубок» — «Шабыт», «Дубок-2» — «Атамекен», «Школьный» — «Жазира», «Школьный-2» — «Алмас», «Тепличный» — «Қуаныш».

Бостандық ауданы бойынша:

«Алатау» — «Нұр Алатау», «Алмаарасан» — «Архат».

Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша:

«Жайлау» — Ғаламат».

Бостандық, Медеу аудандары бойынша:

«Ремизовка» — «Асқартау».

Жетісу ауданы бойынша:

«Дорожник» — «Көкмайса», «Первомайский» — «Кемел».

Медеу ауданы бойынша:

«Ақтөбе» ықшамауданының «Родник» бағбандар қоғамының шығыс жағы мен «Қорғаушы-Защитник» бағбандар қоғамының оңтүстігіндегі бөлігі — «Шарапат», «Ақтөбе» ықшамауданының «Горный садовод» бағбандар қоғамының солтүстігіндегі бөлігі — «Алтын», «Бутаковка» — «Мұзтау».

Наурызбай ауданы бойынша:

«Алатау» — «Байтақ», «Каменка-3» — «Мейрам», «Қарағайлы-2» — «Дария».

Түрксіб ауданы бойынша:

«Колхозшы» — «Нұршашқан».

Әкімдік пен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланғанынан 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

ДереккөзZakon.kz