Қазақстанда 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш өзгерді, қазір — 2 525 теңге. Соған байланысты құжат жасату үшін алынатын мемлекеттік баж сомасы да өзгерді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, енді жеке куәлік жасату үшін 505 теңге төлеу керек, ал төлқұжаттың құны — 20 200 теңге.
Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтөбеде төлқұжатты бір күнде жасату үшін тағы 5 135 теңге, үш күнде жасату үшін қосымша 2 905 теңге төлеу қажет.
Жүргізуші куәлігі қазір 3 150 теңге тұрады. Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің құны — 3 157 теңге. Қайта берілетін туу туралы куәлік те, неке туралы куәлік те 2 525 теңге тұрады.
Сонымен бірге халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжат рәсімдеу үшін банктердің комиссиясы алынады.
Биыл ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге деп белгіленді, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері — 16 037 теңге. Ең төменгі зейнетақы мөлшері — 36 108 теңге, базалық әлеуметтік төлем есептеуге негіз болатын ең төменгі күнкөріс деңгейі — 29 698 теңге.