Осы жылдың ІІІ тоқсанында орташа айлық жалақының анағұрлым жоғары мөлшері Атырау облысында тіркелді: 310,6 мың теңге, бұл былтырмен салыстырғанда (275,9 мың теңге) 12,6%-ға көп. Екінші орында — Маңғыстау облысы, көрсеткіш 4,8%-ға өсті — 260,6 мың теңгеден 273,2 мың теңгеге дейін. Үшінші орында Астана тұр: 240,7 мың теңге, өсім бір жылда 8,1% болған.

Орташа айлық жалақы мөлшері ең төмен облыстардың үштігіне Түркістан (98,8 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (110,9 мың теңге) және Жамбыл облыстары (111 мың теңге) еніп отыр.

ІІІ тоқсанда республиканың төрт өңірінде ғана орташа айлық жалақы мөлшері орташа республикалық деңгейден жоғары болған. Ал ең жоғарғы жалақы мен ең төменгі жалақы мөлшері тіркелген екі облыс (Атырау және Түркістан облыстары) арасындағы айырма 211,7 мың теңге болды.

Орташа айлық жалақы мөлшерінің анағұрлым өсімі байқалған өңірлердің үштігіне Батыс Қазақстан (16,4%), Жамбыл (13,2%) және Атырау облыстары (12,6%) кіріп отыр.