Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев «мегаполис» сөзіне көп әуес болмауды ескертті

Сенат отырысының барысында Алматы мен Шымкентті мегаполис деп атаған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев оның бұл сөзіне ескерту жасады.

Біз «мегаполис», «мегаполис» деп айтып жатырмыз. Бірақ әлемдік деңгейге қарасақ, мегаполистегі халық саны 5 миллион адамнан асуы керек. Миллион тұрғыны бар қала мегаполис емес. Сондықтан, сіздер, Ұлттық экономика министрлігіндегілер, журналистер қолданатын «мегаполис» сөзіне тым көп әуес болмаңыздар, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенат отырысында Түркістан облысы мен Шымкенттің жаңа мәртебесіне байланысты кейбір заңдарды сәйкестендіретін заң жобасы қаралды. Сенатор Дүйсенғазы Мусин республикалық маңызы бар қалаларға арналған жаңа заң жобасын жасауды ұсынды, себебі келешекте мұндай мәртебені Қарағанды мен Ақтөбе де алуы мүмкін. Тимур Сүлейменов 2019 жылы Ұлттық экономика министрлігі елдің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжау схемасын ұсынатынын хабарлады.

ДереккөзTengrinews.kz