Көшпенділер ойыны-2016. Қазақстан 4-орынға сырғыды

Қорытынды бойынша, қазақ елі 28 жүлдемен (8 алтын, 9 күміс, 11 қола) екі орынға сырғып, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.

Қырғызстан командасы 16 алтын, 16 күміс және 17 қола еншілеп, жалпыкомандалық есепте 46 жүлдемен алға шықты. Екінші орында Ал Ресей құрамасы екінші орынға төмендеді. Олардың қоржынында 11 алтын, 7 күміс, 11 қола, жалпы 29 медаль бар. Үздік үштікке 9 алтын, 5 қола жүлдемен Түрікменстан кірді.

Еске сала кетейік, II Дүниежүзілік көшпелілер ойындары 25 спорт түрі бойынша қыркүйектің 8-іне дейін өткізіледі. Жаһандық додаға 58-ден астам елдің 600 жүзге жуық спортшысы қатысуда.