«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағаймен жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жауу мүмкін, еліміздің батысында, шығысында қатты жаңбыр мен дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, еліміздің батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Павлодар, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-38 градус, Түркістан облысында 40-41 градус қатты ыстық күтілуде.
Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Ұлытау, Абай облыстарында, Ақтөбе отблысының оңтүстік жартысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының батысынад, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Жамбыл, Алматы облыстарының солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.
