Биыл Астанаға шетелден жарты миллионнан астам турист келген

Астананың туристік әлеуеті артты. Қалада туризмнің барлық бағыты, оның ішінде медициналық туризм қарқынды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-іне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылы Астанаға 500 мыңнан астам адам келген.

Қала брендінің қарқынды дамуы мен ілгерілуі елордада жыл сайын ірі конференциялар, көрмелер мәдени және спорттық іс-шаралардың өткізілуіне ықпалын тигізді. Бүгін Астана Орталық Азиядағы жаһандық мәселелерді шешуге арналған маңызды диалогтік алаңарды құру орнына арналды. Қазіргі таңда елорданың Орталық Азиядағы, содан соң әлемдегі басты туристік бағыттың бірі болуына мүмкіндігі бар, — дейді «Астана Конвеншн Бюро» маркетинг департаментінің бас менеджері Әйгерім Бейсембаева.

Астананың іскерлік туризм индустриясының әлеуеттік күші бар, қалада күрделі деңгейдегі 130-ға жуық шараны өткізетін әлеуетті локация бар. EXPO-2017 көрмесі үшін арнайы салынған нысандардың бірі — «Нұр Әлем» шары. Ол басқа елдердің туристерінің қызығушылығына ие көрнекті орынға айналды.

Әйгерім Бейсембаеваның айтуынша, көрменің дәл осы бөлігін көру үшін шетелдіктер ғана емес, жергілікті тұрғындар да жиі келеді.

Астана посткеңестік кеңістікте медициналық туризмнің де алғашқы дестинациясы болуға әлеуеті жеткілікті. Мамандандырылған емханалар, әлемнің жоғары оқу орындарында білім алып, тәжірибеден өтіп келген жоғары білікті мамандар аймақтық деңгейде ғана емес, алыс шетелдермен де бәсекелесе алатындай жақсы база құрылған. Қазіргі кезде әрбір медициналық орталық медициналық туристерді тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, — деді Әйгерім Бейсембаева.

Қазақстан астанасы беделді «Бейбітшілік қаласы»дәрежесін алған, посткеңестік кеңістіктегі үшінші қалаға айналды, WTCF (World Tourism Cities Federation) қатарына кірді және ТМД елдері арасында бірнеше рет ең үздік қалалар рейтингіне енді.