20 желтоқсанда «NEET жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамтудың жол картасы» мен «Астана жастары» ресурстық орталығы консультативтік кеңес өткізеді. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Іс-шара «Азия Парк» СОСО-да өтеді. Кез келген қала тұрғыны Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы, Медиацияны дамыту орталығы және көптеген басқа ұйымдардың өкілдеріне өздерін қызықтыратын мәселелерге қатысты сұрақтарын қоя алады. Консультацияларды сондай-ақ заңгер мен психолог жүзеге асырады.
Бұл іс-шараның мақсаты – жастарға қолдау көрсету, оларға нақты мәселелер бойынша кеңес беру арқылы мемлекеттік бағдарламалардан хабардар ету, жекелей сұрақтар бойынша қала тұрғындарына көмектесу.
Тұрғындар консультацияларды 20 желтоқсанда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы, 21 мекен-жайы бойынша орналасқан «Азия парк» СОСО-да ала алады.