«Алматы — адалдық алаңы» жобасы іске асырыла бастады

Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: өмір сүру сапасын арттыру және өмір сапасы» атты Жолдауында еліміздің барлық өңірінде «Сыбайлас жемқорлықсыз аймақтар» жобасын жүзеге асыруды тапсырған еді.

Осыған байланысты Алматыда «Алматы — адалдық алаңы» жобасын іске асыру басталды, ол қаламыздың тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін әрі қарай дамытуға бағытталған. Жоба ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және Алматы әкімдігінің қолдауымен іске асырылып отыр.

«Алматы — адалдық алаңы» жобалық офисінің салтанатты ашылуына ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов пен Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.

Олжас Бектенов пен Арман Қырықбаев
Фото: Фото: Алматы ішкі саясат басқармасы

Жобаның мақсаты — күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, азаматтар мен бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету. Кеңсені «Қоғамдық бақылау» ҚҰ директоры, «Белсенді қызмет үшін» медалінің иегері, қоғам қайраткері Александр Братенков басқарады.