Астанада полицейлер марапатталды

Ішкі істер министрлігі мен Астана қаласындағы ПД басшысының бұйрығымен 200-ге жуық қызметкерге лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды. Ішкі істер органдарының ардагерлеріне алғыс лебіздері айтылды.

Мерекелік шарада Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қалалық полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының ардагерлеріне арналған құттықтау жеделхаты оқылды.

Қазақстандық полиция өз миссиясына адал.  Ол – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмысқа қарсы тұру. Елордадағы полиция қызметкерлері ел астанасындағы құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті нығайту жолында күресті жалғастыратынына сенімдімін, – деді жеделхатты оқып жеткізген елорда полициясының генерал-майоры Марат Қожаев.